BasNewsЖаңалықтар

Алматыдағы балабақшалардың бірінде тәрбиеші балаларды ұрған

Алматыда бейнебақылау камераларына түсіп қалған балабақша тәрбиешісінің әрекеті Қазнет қолданушыларын ашуландырды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде балаларға қатыгездік танытқан тәрбиешінің видеосы жарияланды. Басылым авторының айтуынша, балалардың еріні жырылып, денесінде көгерген іздер қалған.

Полиция департаменті мәліметінше, бұл дерек Қылмыстық кодекстің 140-бабы 2-бөлігі бойынша соталды тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелген.

«Қылмыстық іс материалы Жетісу аудандық полиция бөлімі өндірісінде. Тергеу деректің мән-жайын зерделеп, тәрбиеші әрекетіне құқықтық баға береді, соған сәйкес ол жауапкершілікке тартылады», – делінген ПД баспасөз қызметі хабарламасында.

Басқа жаңалықтар

Back to top button