Алматыда екі автобус соқтығысты: 11 адам зардап шекті
Алматыда екі жолаушылар автобусы соқтығысты. Алдын ала мәлімет бойынша, жол апатынан 11 адам зардап шеккен, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Әлеуметтік желілердегі мәлімет бойынша, Алматы қаласының Медеу ауданындағы Тәтібеков пен Серпер көшелері қиылысында жол-көлік оқиғасы болған.
https://www.instagram.com/p/CYA7UHRhji1/?utm_source=ig_embed&ig_rid=830b5e95-c731-45b7-919a-840409bf4697
Куәгерлердің айтуынша, №4 және №203 бағыттағы автобустар соқтығысқан. Олардың бірі аялдамада тұрған, ал екіншісі басқа көлікпен соқтығыспас үшін автобустың артынан соққан.
https://www.instagram.com/p/CYBDIWvp4DA/?utm_source=ig_embed&utm_campaign=embed_video_watch_again
Алдын ала мәлімет бойынша, жол апатынан 20-ға жуық жолаушы зардап шеккен.
Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық басқармасы апат салдарынан зардап шеккендер №4 қалалық ауруханаға, сондай-ақ Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасына жеткізілгенін хабарлады. Алматыдағы №4 Қалалық клиникалық ауруханаға ЖМК бригадалары 1992, 1994 және 2000 жылы туған үш адамды жеткізген. Травматолог, нейрохирург дәрігерлердің мультидисциплинарлық бригадасы қарап, Клиникалық-зертханалық зерттеулер жүргізілді. Олар ауруханаға жатқызудан бас тартты. Амбулаториялық емдеуге жіберілді.
Полиция оқиғаның мән-жайын нақтылап жатыр.


