BasNewsЖаңалықтар
Дәрігерлер Алматыдағы жол апатынан зардап шеккендердің жағдайы туралы айтты
Зардап шеккендер Алматы қаласының №4 және №5 ауруханаларына жеткізілген, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Жедел жәрдем бригадасы №4 ауруханаға үш адамды жеткізді.
Келген бойда пациенттерді травматолог және нейрохирург дәрігерлердің мультидисциплинарлық бригадасы тексерді. Оларға клиникалық-зертханалық тексеру қызметтері көрсетілді. Науқастар ауруханаға жатудан бас тартып, амбулаториялық емделуге жіберілді, – хабарлады Алматы ҚДСБ баспасөз қызметі.
Тағы екі зардап шегуші №5 ауруханаға түсті. Олар тексеріліп, амбулаториялық емделуге жіберілді. Түске таман болған жол апатының куәгерлері 20 адам зардап шекті деп мәлімдеген еді. Алайда жолаушылардың басым бөлігі жедел жәрдем көмегінен бас тартқан.


