BasNewsЖаңалықтар
Дүңген диаспорасының өкілдері қазақ халқынан кешірім сұрады (видео)

Мемлекет басшысы Жамбыл облысына сапары барысында Сортөбе ауылындағы мәдениет үйінде дүнген диаспорасының өкілдерімен кездесті. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли facebook парақшасында жазып, видеосын жариялады.
Мемлекет басшысымен өткен кездесуде Қордай ауданының Құрметті азаматы Шисыр Динласон кезінде қамқорлық көрсеткен қазақ халқына қонақжайлылығы мен мейірімі үшін алғыс білдірді. Еңбек ардагері жергілікті дүнгендердің атынан болған оқиғаға өкініш білдіріп, кешірім сұрайтынын айтты.
Сортөбе ауылдық мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Эдик Суларов жергілікті балаларға мемлекеттік тілді, Қазақстан тарихын, қазақ халқының салт-дәстүрін оқытуға ниетті екенін жеткізді, делінген хабарламада.



