BasNewsЖаңалықтар
Газдан уланған төрт бала мен ананың өлімі: Түркістанда сот үкімі шықты

Түркістан облысында көмірқышқыл газдан уланған 5 адамның өліміне қатысты сот үкімі шықты, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға биыл ақпанда жекеменшік үйлердің бірінде болған. Әйел мен оның 4 баласы қаза тапты.
Барлық істі жеңілдететін мән-жайды, сотталушыларда кәмелетке толмаған балаларының болуын, сондай-ақ материалдық және моральдық зиянды өтеуді ескере отырып, іс бойынша айыпталушылар 4 жылға сотталған. Алайда сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.


