BasNewsЖаңалықтар
СҚО-да кілемнен жасалған шырша орнатылды
Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Ленинградское ауылының тұрғындары Жаңа жылды кілемнен жасалған шыршамен қарсы алды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі 7152.kz сайтына сілтеме жасап.
Жасыл кілемнен жасалған, түрлі шамдармен, жұлдызшамен безендірілген шырша әлеуметтік желіде әзілге айналды.
«Бюджеттен 100 миллион жұмсалды» – деп жазды желі қолданушыларының бірі.
«Әкімдік Жаңа жылға орай кілемдерін ауыстырып, ескісін лақтыруға қимай шырша жасауға берген шығар», – деді тағы бір қолданушы.
«Бізге лайық шырша», – дейді Солтүстік Қазақстан облысының тұрғыны.



