БҚО-да қолайсыз ауа райы салдарынан бірнеше ауыл жарықсыз қалды
Батыс Қазақстан облысында онға жуық елді мекен тұрғындары жарықсыз қалды. Оқиғаны облыстың Төтенше жағдайлар департаменті растады, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
БҚО синоптиктері дауылды ескерту жасады. Аймақта қалың қар жауып, қатты жел жағдайды қиындата түсті.
Сағат 15:30-да Пятимар, Бұлан және Өнеге ауылдарында электр қуаты қалпына келтірілді.
Кейіннен қолайсыз ауа райы Бестерек (50 абонент), Никанур (30 абонент), Қараөзен (100 абонент), Жалпақтал Қазталов ауданы (60 абонент), Алмазный Шыңғырлау ауданы (254 абонент), Қоскөл Қаратөбе ауданы (50 абонент), Егіндікөл Жанғала ауданы (267 абонент) және Орал қаласындағы Зачаганск шағын ауданы (460 абонент) тұрғындарын да жарықсыз қалдырды.
Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын «ЗапҚазРЭК» АҚ-ның 76 қызметкері жүргізеді. 18 техника жұмылдырылған.



