BasNewsЖаңалықтар

Алматыда ірі сауда желілерінің жұмысы қалпына келтірілді

Алматыда ірі сауда желілерінің жұмысы қалпына келтірілді, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

«Бүгінгі күні «Magnum», «Тоймарт» және «Small» супермаркеттерінің 28 филиалы ашық. Сауда нысандарында, жеткізушілер мен дистрибьюторлардың қоймаларында азық-түлік қоры жеткілікті көлемде. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылданды. Алдағы екі күнге сауда желілерінде таңғы сағат 09.00-ден бастап кешкі 18.00-ге дейін жұмыс кестесі белгіленді», – деді Алматы қалалық Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының баспасөз қызметінен.

9 қаңтар күні «Magnum» сауда желісі 40 дүкенін ашады. Жұмыс уақыты 09.00 – 18.00 аралығында.

Онымен қоса, 9 қаңтарда қаланың барлық өнеркәсіптік кәсіпорындарының, бірінші кезекте азық-түлік өнеркәсібінің қызметін қалпына келтіру жоспарлануда.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button