BasNewsЖаңалықтар

Нұр-Сұлтанға «2000 тәліб келетіні» туралы қауесет жоққа шығарылды

Нұр-Сұлтан қаласының комендатурасы Қазақстан астанасына «2000 тәліб келетіні» туралы қауесетті жоққа шығарды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі stopfake.kz сайтына сілтеме жасап.

«Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Арандатушылыққа бой алдырмаңыздар, дүрбелең тудырмаңыздар. Тек ресми ақпаратқа ғана сеніңіздер. Төтенше жағдай кезінде көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін заңнамаға сәйкес қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Елордадағы ахуал толық бақылануда», – деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласы комендатурасының баспасөз қызметінен.

Басқа жаңалықтар

Back to top button