BasNewsЖаңалықтар
Елордада ҰҚК қызметкері үйінің ауласынан өлі табылды
Елордада ҰҚК қызметкері қаза болды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
«10 қаңтарда Нұр-Сұлтан қаласында тұрғылықты жері бойынша үйдің ауласынан ҰҚК полковнигі Азамат Ыбыраевтың мәйіті табылды.
Аталған фактіні Нұр-Сұлтан қаласы ПД Есіл аудандық Полиция бөлімі 2022 жылғы 10 қаңтардағы №227116031000018 сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркеді», – делінген хабарламада.
Комитетің мәліметінше, қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.



