BasNewsЖаңалықтар
Қазақстанда бірнеше өңірде төтенше жағдай режимі алып тасталды
Шымкент қаласы және Қарағанды, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарында төтенше жағдай режимін алып тастау туралы қаулы шықты. Жарлық Ақорда сайтында жарияланды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
«Төтенше жағдай туралы» Қазақстан Республикасы заңының 9-бабына сәйкес мына өңірлерде 2022 жылғы 14 қаңтардағы сағат 18.00-ден бастап ТЖ режимі алып тасталады:
- Шымкент қаласының шекараларындағы төтенше жағдайдың күші жойылсын.
- Шығыс Қазақстан облысының шекараларындағы төтенше жағдайдың күші жойылсын.
- Қарағанды облысының шекараларындағы төтенше жағдайдың күші жойылсын.
- Түркістан облысының шекараларындағы төтенше жағдайдың күші жойылсын.
Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.



