BasNewsЖаңалықтар
Нұр-Сұлтан – Щучинск тасжолы жабылды
Ақмола облысында бұрқасынға байланысты бірнеше жол жабылды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Ақмола облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты (қар, боран) 15 қаңтарда сағат 11:45-тен бастап келесі автомобиль жолдарында автокөліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізілді:
- «Нұр-Сұлтан-Петропавл» автомобиль жолының 18-231 шақырымы Нұр-Сұлтан және Щучинск қалалары арасындағы учаске.
- «Көкшетау-Атбасар» автомобиль жолының 0-184 шақырымында, Көкшетау мен Атбасар қалалары арасындағы учаске.
- «Екатеринбург-Алматы» автомобиль жолының 997-1247 шақырымында, Атбасар және Нұр-Сұлтан қалаларының арасындағы учаске.
Төтенше жағдайлардың алдын алып, сіздердің қауіпсіздігіңіз үшін жүргізушілерге алыс сапардан бас тартуға кеңес берілді.
Штаттан тыс жағдайлар туындаған жағдайда 1403 нөмірі бойынша тәулік бойғы call-орталыққа хабарласа аласыз.



