BasNewsЖаңалықтар
Алматыда 4 мыңнан астам оқ-дәрі тәркіленді
Алматыда терроризмге қарсы операция барысында 2 748 адам ұсталды. Бұл туралы Алматы қаласы комендатурасының ақпараттық орталығы мәлім етті, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Комендатура мәліметінше, арнайы операция барысында Алматыда лаңкестік, тонау және басқа да қылмыстардың 2 748 қатысушысы ұсталды.
131 атыс қаруы мен 4 179 оқ-дәрі тәркіленді.
«Өткен тәулікте «102» пультіне 437 хабарлама келіп түсті. Комендатураның колл-орталығына азаматтардан жедел әрекет етуді талап ететін 41 дабыл қабылданды. Барлық хабарлама дер кезінде өңделді», – дейді Алматы қаласы комендатурасының ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Сонымен қатар, ол тұрғындарды комендант сағатын бұзбауға шақырды.



