BasNewsЖаңалықтар
Қазақстанда бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны тағы өсті
Кейінгі тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 13 874 жағдай тіркелді, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-қа сілетем жасап.
Бұл пандемия басталғаннан бері тіркелген рекорд көрсеткіш. Бұған дейін максимум 15 қаңтарда тіркелді, онда бір күнде 13 523 жаңа жағдай анықталған.
Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 085 004-ке жетті.
Оның ішінде:
- Нұр-Сұлтан қаласында – 4 874,
- Алматы қаласында – 1 580,
- Шымкент қаласында – 450,
- Ақмола облысында – 420,
- Ақтөбе облысында – 366,
- Алматы облысында – 329,
- Атырау облысында – 584,
- Шығыс Қазақстан облысында – 394,
- Жамбыл облысында – 233,
- Батыс Қазақстан облысында – 440,
- Қарағанды облысында – 2 669,
- Қостанай облысында -291,
- Қызылорда облысында -236,
- Маңғыстау облысында – 233,
- Павлодар облысында – 515,
- Солтүстік Қазақстан облысында – 143,
- Түркістан облысында – 117.
Қазақстанда 2 715 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты.
Елімізде барлығы 976 352 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.



