Шымкентте нөсер жаңбырдан кейін көшелерді су басты
Қатты нөсердің салдарынан Шымкент көшелерін су басып жатыр, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Су басу қаупі бар аумақтарда арнайы кезекші бригадалар жұмыс атқаруда.
Мамандар жаңбыр салдарынан көшелерге жинақталған суды шығару жұмыстарын үйлестіріп отыр. Бұл жұмыстарға өрт сөндіру бөлімшелерінің мобильді топтары да атсалысуда.

Қазіргі таңда аудан аумағындағы су басу қаупі бар 18 көшеде арнайы су тартатын техникалар жұмыс атқаруда. Ол жұмыстарға 14 техника, қосымша төтенше жағдайлар департаментінің 6 су сорғыш мотопомпасы мен 70 қызметкер жұмылдырылған. Онда көше бойларындағы ирригациялық жүйелермен арық атыздар тазартылып, су басудың алдын алу жұмыстары жүргізілуде.


Әл-Фараби, Еңбекші, Қаратау, Абай аудандарында жаңбыр суы тартылуда. Қазіргі уақытта 6 учаскеде жұмыс аяқталды, ол жерлерден шамамен 100 текше метр су сорылды.
Бұл бағыттағы жұмыстар аудан әкімдігінің тікелей бақылауына алынып, арнайы кезекшілік ұйымдастырылған.



