BasNewsЖаңалықтар

Еліміздегі Шекара қызметі қайта құрылуы мүмкін

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі қайта құрылуы мүмкін, – деп хабарлайды Basnews.kz.

«Ашық НҚА» порталында Президенттің «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің кейбір мәселелері туралы» жарлығы жарияланды. «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесі қайта ұйымдастырылсын», – делінген сайтта.

Құжаттың жобасы 2 наурызда жарияланған.

Бұл қаулыны 17 наурызға дейін электронды үкімет сайтында талқылауға болады.

Back to top button