BasNewsЖаңалықтар

Дәрігерлер әйелдің ішінен салмағы 3 келіден асатын паразитті алып тастады

Алматылық дәрігерлер күрделі операция жасап, әйелдің оң жақ қабырғасының астындағы үлкен ісікті алып тастады, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі «Мой город» сайтына сілтеме жасап.

50 жастағы әйел ішінің сол жағы ауырлап, формасы өзгергенін байқаған. Содан бірден ауруханаға көрінуге барған.

№7 аурухананың дәрігерлері ультрадыбыстық зерттеу арқылы бауырға жақын орналасқан үлкен ісікті анықтады. Науқас шұғыл операция үстеліне жатқызылды.

Хирургтер күрделі ота жасап, салмағы 3,5 келі тартатын альвеококк кистасын алып тастады. Операция кезінде әйелдің созылмалы вирусты В гепатиті қиындық туғызды. Дегенмен ота сәтті аяқталды.

Науқастың бауырына да паразит түскен. Сол себепті оның 75 процентін кесіп тастауға тура келді. Операция 10 сағатқа созылды.

Айта кетсек, бауырдың альвеококкозы бірден білінбейді. Паразит ағзаға түскеннен бастап аурудың белгілері шыққанға дейін 10 жыл, тіпті одан да көп уақыт өтуі мүмкін. Альвеококкоз – паразиттік ауру. Адам ағзасына таспақұрт түскенде бауыр ісіп, көп жағдайда метастаз өкпе мен миға таралады. Басқа ағзаларға да өтуі мүмкін.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button