BasNewsЖаңалықтар
Көкшетауда әйелдер кафе маңында ер адамды ұрып-соққан

Көкшетауда үш әйел ер адамды ұрып-соқты деген күдікке ілінді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Басылым мәліметінше, бұл оқиға 1 наурызда шамамен таңғы сағат 6-да болған.
Полицейлер 43 жастағы ер адам мен 38, 41 және 42 жастағы үш әйелдің сөзге келіп қалғанын анықтаған. Олардың барлығы кафеде отырған екен. Кейін олардың арасында жанжал шығып, төбелеске ұласыпты. Кафе әкімшілігі төбелес шығарғандарды сыртқы шығарған. Полицейлердің мәліметінше, әйелдер сол маңда ер адамды соққыға жыққан.
Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.



