BasNewsЖаңалықтар

Елордада қызды 14 қабатты үйдің төбесінен лақтырмақ болған жігіт ұсталды

Нұр-Сұлтанда 23 жастағы жігіт 22 жастағы қызын 14-қабаттан итеріп жібермек болған, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі Рolisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл әрекет жанжалдан туындаған. Полиция қызметкерлері қайғылы жағдайдың алдын алды.

Полицияның мәліметінше, 22 қаңтарда «102»-ге Сарайшық көшесінде қолында тапаншасы бар белгісіз адам қызды көп қабатты үйдің 14-қабатына апарып, төменге итеріп жіберуге тырысқаны туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына келген патрульдік полиция полкі инспекторлары Дархан Шүкенов пен Дархан Әбдікеев қайғылы оқиғаның алдын алып үлгерген.

«Күдікті ұсталып, полиция басқармасына жеткізілді. Қызға медициналық және психологиялық көмек көрсетілді. Тапанша ойыншық екені анықталды. Бұл дерекке қатысты «Адам өлтіруге оқталу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті Нұр-Сұлтан қаласының ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды», – деді полиция өкілі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button