Қазақстанның алты өңірінде дауылды ескерту жарияланды
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, 24 қаңтарда Қазақстанның 6 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Жел шығыстан, облыстың оңтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с.
Маңғыстау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында және орталығында желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Қызылорда облысының орталығында тұман түседі.
Түнде 24 қаңтарда Қарағанды облысының батысында, оңтүстігінде тұман болады.
24 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.
24-26 қаңтарда Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман күтіледі. 25-26 қаңтарда солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, облыстың солтүстік-шығысында және таулы аудандарында желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.



