BasNewsЖаңалықтар

Алматыда зардап шеккендерге өтемақы беріле бастады

Алматыдағы жаппай тәртіпсіздіктер кезінде зардап шеккен жеке тұлғаларға бүгіннен бастап өтемақы беріледі, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Бұл туралы қаланың тыныс-тіршілігін қалпына келтіру жөніндегі қалалық штаб отырысында әкімнің орынбасары Ілияс Өсеров мәлімдеді.

Төлемдер алдымен мемлекеттік органдар, ауруханалар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне беріледі. Барлығы – 603 адам. Олар:

  • құқық қорғау органдарының қызметкері – 592;
  • төтенше жағдайлар департаментінің мамандары – 1 адам;
  • жергілікті атқарушы органдардың 3 қызметкері;
  • «Алматы» телеарнасының 1 қызметкері;
  • медициналық ұйымдардың 6 маманы.

Өтемақы бірнеше санат бойынша жарақаттың ауырлығына қарай беріледі. Атап айтқанда, ауыр дәрежеде – 2 миллион теңге, орташа дәрежеде – 1 миллион теңге, ал жеңіл жарақт болса, 500 мың теңге төленеді.

Бұдан бөлек, төтенше жағдай кезінде жұмыс істеген мыңдаған адамға 100 мың теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетіледі. Олар:

  • полиция департаментінің 3878 қызметкері;
  • төтенше жағдайлар департаментінің 1207 қызметкері;
  • қоғамдық денсаулық басқармасының 3888 қызметкері;
  • құтқару қызметінің 93 маманы.

«Бүгін тиісті құжаттар қазынашылыққа жіберіліп, түстен кейін алғашқы төлемдер жасалады», – деді Өсеров.

Ал тиісті тергеу шаралары аяқталғаннан кейін полиция департаментіне зақымдалған автокөліктер үшін 200 миллион теңге мөлшерінде бастапқы сома аударылады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button