BasNewsЖаңалықтар
Түркістан облысында 5 жасар бала төрт метрлік әжетхана шұңқырына түсіп кетті
Түркістан облысында құтқарушылар дәретхана шұңқырына құлап кеткен баланы құтқарды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға 2022 жылы 23 қаңтарында Ордабасы ауданында болған. 5 жасар бала абайсызда 4 метрлік әжетханаға түсіп кетіпті. Туыстары дереу жедел жәрдем қызметі мен құтқарушылардан көмек сұраған.
«Оқиға туралы хабар келіп түсе салысымен біздің департаменттің 5 құтқарушысы мен жедел жәрдемнің 3 қызметкері көмекке шықты. Құтқарушылар баланы арнайы арқанның көмегі арқылы сыртқа алып шықты. Бала зардап шекпеген. Бүлдіршін дереу ауруханаға жеткізіліп, тексеруден кейін үйіне жіберілді», — дейді Түркістан облыстық Төтенше жағдайлар департаментіндегілер.
https://youtu.be/P2iZE_ukVdU



