Имашев Орталық сайлау комиссиясының төрағасы қызметінен босатылды
Берік Имашев Орталық сайлау комиссиясының төрағасы лауазымынан босатылды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Берік Мәжитұлы Имашев Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы лауазымынан босатылды», – делінген хабарламада.
Берік Имашев ОСК басшысы болып 2016 жылдың қыркүйегінен бастап жұмыс істеді.
1960 жылы 7 маусымда Алматы қаласында дүниеге келген. 1982 жылы Ломоносов атындағы ММУ «Заңгер» мамандығы бойынша бітірген.
2000-2001 жылдары Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттіктің төрағасы болып жұмыс істеді.
2001-2003 жылдары – Астана қаласының адвокаттар алқасының мүшесі.
2002 жылдан 2003 жылға дейін «Нефтеконсалтинг» ЖАҚ президенті болды.
2003-2005 жылдары Қазақстан Қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасары болып жұмыс істеді.
2005 жылы шағын кәсіпкерлікті дамыту қорын басқарды.
2005-2007 жылдары – Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары.
2007-2008 жылдары Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы болды.
2008 жылғы ақпан-тамыз аралығында Президенттің көмекшісі – Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы лауазымын атқарды.
2008-2012 жылдары – Парламент Сенатының депутаты, Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы.
2012 жылдан 2016 жылға дейін әділет министрі қызметін атқарды.



