BasNewsЖаңалықтар

Таразда ер адамның қолында граната жарылды

Тараздағы полиция ғимаратын тазалау кезінде шулы жарық гранатасы жұмысшының қолында жарылды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Оны шұғыл қалалық ауруханаға жатқызды.

Ресми мәліметке сәйкес, қазіргі кезде полиция басқармасының айналасында тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр. 4-6 қаңтардағы жаппай тәртіпсіздіктер кезінде ғимарат қатты зақымданған. Оны қалпына келтіруге мердігер компания тартылды. Осы мекеменің жұмыскері шулы жарық гранатасын тауып алған.

«Ол қауіпсіздік техникасын сақтамаған. Граната жарылып, бірнеше саусағын жұлып кеткен. Жұмыскер шұғыл Тараз қаласы ауруханасына жеткізілді», – дейді полицейлер.

Олардың айтуынша, ғимаратты қалпына келтіру жұмыстары басталмас бұрын мердігер компаниялар мен қызметкерлерге қару-жарақ, оқ-дәрі және арнайы құралдар табылған бойда кезекші полицейлерге хабар беру қажеттігі туралы ескертілген.

Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 156-бабы, 2-бөлігі бойынша тергеу шаралары басталды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button