Ерлан Қиясов Қазақстанның бас санитарлық дәрігері қызметінен босатылды
Ерлан Қиясов ҚР денсаулық сақтау вице-министрі — ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері қызметінен босатылды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі мәлім етті.
Ерлан Қиясов 1973 жылы Алматыда дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік медицина университетін, Орталық Азия университетін, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген.
Еңбек жолын 1990 жылы Алматы жедел жәрдем ауруханасының терапия бөлімшесінің санитары болып бастады.
1997-1999 жылдары – Алматы әуе көлігіндегі орталық санитарлық-эпидемиологиялық станциясының санитария дәрігері, дәрігер-эпидемиологы болды.
1999 жылдан 2020 жылға дейін Президент іс басқармасының медициналық орталығының құрылымында – санитариялық-эпидемиологиялық станцияда жалпы гигиена бойынша санитария дәрігері, жедел бөлім меңгерушісі, санэпидқадағалау басқармасының эпидемиологиялық бөлімінің бастығы, «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығы» РМК директоры және басшының орынбасары қызметтерін атқарды.



