BasNewsЖаңалықтар

Крещение кезінде батып кеткен әйелдің денесі табылды

Ресейдің Ленинград облысында Крещение кезінде батып кеткен әйелдің денесі табылды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі РИА Новости сайтына сілтеме жасап.

«Мәйіт Ленинград облысындағы Ородеж өзенінен табылды», – делінген хабарламада.

Құтқарушылар іздестіру орнында өзен ағынының жылдамдығы секундына үш метрге жететінін атап өтті.

Әйел 19 қаңтарда Оредеж өзінен түскен. Қайғылы оқиға Выра елді мекенінің жанында болған.

«Суға түсу кезінде оны ағын алып кетті. Өзеннің дәл осы бөлігінде ағын қатты. Оның денесі іздестіріліп жатыр», – делінген ақпаратта.

40 жастағы әйел балалары мен күйеуінің көз алдында су астына кетті.

Back to top button