BasNewsЖаңалықтар

280 адамды алдаған Nur-AvtoKz компаниясы директорының орынбасары ұсталды

Елордалық полицейлер алаяқтық жасағаны үшін халықаралық іздеуде жүрген Nur-AvtoKz ЖШС директорының орынбасарын ұстады, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, 2021 жылдың қыркүйегінен бастап полицияға елорданың 280-ге жуық тұрғыны Nur-AvtoKz компаниясының басшылығы олардың ақшасы мен көлігін алаяқтық жолмен иемденгені туралы өтінішпен жүгінген.

«Компания автокөліктерді сатамыз деген сылтаумен азаматтармен арада 45 жұмыс күні ішінде нарықтағыдан төмен бағамен көлік беру туралы келісім-шарт жасаған. Клиенттерге келтірілген материалдық шығын 3 миллиард теңгеден асты», – делінген хабарламада.

Нұр-Сұлтан полициясы Қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-бөлігі «Алдау немесе сенімге қиянат жасау арқылы алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

«Сотқа дейінгі тергеу барысында алаяқтық жасады деп айыпталған 35 жастағы ЖШС директоры 2021 жылдың қазанынан бастап тергеу органдарынан жасырынып жүр. Оған іздеу жарияланды. Елордалық полицейлер айыпталушыны ұстады. Ол Ақтау уақытша ұстау изоляторына қамалды», – деді полиция қызметкерлері.

Ұсталған адамға қатысты тергеу сотының шешімімен «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button