BasNewsЖаңалықтар

Ерлан Қошанов мәжіліс төрағасы болып сайланды

Ерлан Қошанов парламент мәжілісінің төрағасы болып сайланды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Депутаттар оның кандидатурасын бірауыздан қолдап дауыс берді.

Ерлан Қошанов Нұрлан Нығматулиннің орнына келді. Бүгін Орталық сайлау комиссиясы Нығматулиннің өтініш беруіне байланысты оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға ұсыныс енгізді.

Айта кетері, 2012 жылы Нұрлан Нығматулин алғаш рет мәжіліс төрағасы қызметіне сайланды. Сол жерде Nur Otan фракциясына жетекшілік етті. Ал 2014 жылы президент әкімшілігіне ауысып кетті.

2016 жылы 22 маусымда алтыншы шақырылымдағы парламент мәжілісінің төрағасы болды. Содан бері төменгі палатаға жетекшілік етті.

Back to top button