BasNewsЖаңалықтар

Президент әкімшілігінің басшысы лауазымына кім тағайындалды

Мемлекет басшысының өкімімен Мұрат Нұртілеу Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары лауазымынан босатылып, Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің басшысы қызметіне тағайындалды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Ол Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары лауазымынан  босатылды.

Мұрат Нұртілеуов 1976 жылы 11 наурызда туған.

Білімі:

1998 ж. – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «халықаралық қатынастар» мамандығын бітірген.

Дипломаттың рангы – бірінші санаттағы кеңесші.

Еңбек өтілі:

1998-1999 жж. – ҚР СІМ мемлекеттік хаттама қызметінің атташесі, референт.

1999-2003 жж. – Қазақстан Республикасының Малайзиядағы елшілігінің атташесі.

2003-2004 жж. – ҚР СІМ Азия және Африка департаментінің екінші хатшысы.

2004-2006 жж. – ҚР сыртқы істер министрінің кеңесшісі.

2007 ж. – ҚР парламенті сенаты аппарат басшысының орынбасары. 2007-2011 жж. – ҚР парламент сенаты аппаратының басшысы.

2011 ж. – ҚР СІМ Азия және Африка департаменті директоры, ҚР сыртқы істер министрілігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі.

2011-2014 жж. – Женевадағы ҚРҮҚ кеңесші-елшісі.

2014-2016 жж. – ҚР президенті әкімшілігінің сыртқы саясат орталығы меңгерушісінің орынбасары.

2016 жылдың наурызы – 2019 жылдың наурызы – Қазақстан Республикасының Финляндия, Эстония Республикаларындағы төтенше және өкілетті елшісі.

2019 жылдың 24 наурызынан бастап – Қазақстан Республикасы президентінің көмекшісі.

2021 жылдың 25 ақпанынан бастап – Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігі бастығының орынбасары;

2022 жылдың 1 мамырынан бастап – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары қызметіне тағайындалған.

Мемлекеттік наградалары: «Құрмет» ордені, медаль.

Мұрат Нұртілеуге дейін бұл қызметті Ерлан Қошанов атқарып келді.

Back to top button