BasNewsЖаңалықтар
Тоқаев Бейжіңге келді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің шақыруымен Бейжің қаласына жұмыс сапарымен келді, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында хабарлады.

Ертең мемлекет басшысы XXIV Қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатына қатысады.
Баспасөз хатшының хабарлауынша, 5 ақпанда Қасым-Жомарт Тоқаев пен Си Цзиньпин келіссөз өткізеді. Келіссөз барысында Қазақстан мен Қытай арасындағы жан-жақты стратегиялық ынтымақтастықтың даму перспективалары талқыланбақ.



