BasNewsЖаңалықтар

Павлодарда көлік ағашқа соғылып, екі адам мерт болды

Павлодарда көлік ағашқа соғылып, екі адам қайтыс болды. Бұл туралы Павлодар облыстық полиция департаменті мәлім етті, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Облыстық Полиция департаменті өкілдерінің мәліметінше, жол апаты 5 ақпанда сағат 22.30-да Аймауытов көшесінде болған.

«Toyota маркалы көлігінің жүргізушісі көлікті басқара алмай ағашқа соғылды. Салдарынан 25 жастағы жүргізуші мен 35 жастағы жолаушы оқиға орнында қаза болды», – делінген хабарламада.

1985 жылы туған тағы бір жолаушы түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілген.

«Жол апаты бойынша тексеріс жүріп жатыр. Қажет сараптама тағайындалды», – деді ПД өкілдері.

Басқа жаңалықтар

Back to top button