BasNewsЖаңалықтар

Алматыда террорлық қауіптің «қызғылт сары» деңгейі алынады

Терроризмге қарсы күрес жөніндегі қалалық штаб Алматыдағы жағдайдың тұрақталғаны туралы мәлімдеді, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Осыны негізге ала отырып, штаб басшысы мегаполистегі террорлық қауіптің жоғары «қызғылт сары» деңгейін жою туралы шешім қабылдады. Шешім 7 ақпанда түн ортасынан бастап күшіне енеді. Бұл ретте арнайы және құқық қорғау органдары көшелерде күшейтілген қызмет көрсетуді жалғастыратыны баса айтылды.

«Барлық қала тұрғындарына түсіністік пен азаматтық жауапкершілігі үшін алғыс айтамыз», – делінген хабарламада.

Еске салайық, 19 қаңтарда елде тәртіпсіздіктерге байланысты енгізілген төтенше жағдай режимі алынып тасталды. Алайда Алматыда лаңкестік қауіп-қатердің «қызыл» деңгейінің жойылғаны тек 26 қаңтарда мәлім болды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button