BasNewsЖаңалықтар
Сот Әблязовты 140 мың доллар төлеуге міндеттеді

Нью-Йорк соты Мұхтар Әблязовті 140 мың доллар төлеуге міндеттеді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Әділет министрлігінің мәліметінше, Нью-Йорк қаласының соты Мұхтар Әблязовке қатысты қосымша санкциялар салу туралы шешім қабылдады.
Осылайша, 2020 жылдың 7 ақпанында сот Әблязовтен 140 115,60 АҚШ долларын өндіріп алу туралы шешім шығарды.
Сот шешіміне сәйкес Әблязов 140 115,60 АҚШ долларын 2020 жылдың 7 мамырына дейін төлеуі тиіс.
Еске салайық, Қазақстанда Әблязов «БТА Банкінен» шамамен 7 миллиард доллар ұрлағаны үшін 20 жылға, ал былтыр – банкир Ержан Тәтішевті өлтіруді ұйымдастырғаны үшін өмір бойына сырттай сотталды.


