BasNewsЖаңалықтар

Таразда ұрланған қару-жарақты қылмыскерлер зираттарға жасырған

Бір аптаның ішінде Таразда ұрланған 15 қару-жарақ табылды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Таразда жоғалған атыс қаруын іздеу жұмыстары жалғасуда. Полицейлер ұлттық ұлан сарбаздарымен бірге қараусыз қалған нысандар – жертөлелерді, құрылыс алаңдарын, шағын аудандардағы шатырларды тексереді.

«Қылмыскерлер ұрланған қаруды тіпті қалалық зираттағы бейіттерге де жасырған», – деп атап өтті Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметі.

Іздестіру жұмыстарына қызметтік иттер де жұмылдырылған, олар иіс сезу қабілетінің арқасында тәртіп сақшыларына қару мен оқ-дәрілерді тез табуға көмектеседі.

Осылайша бір аптаның ішінде қаладан 15 қару табылған.

Атап айтқанда, үш Калашников автоматы, алты аңшы мылтығы, үш Макаров тапаншасы, үш травматикалық тапанша және 1000-ға жуық түрлі калибрлі патрондар.

Барлық қарулар сот-баллистикалық сараптамаға жіберілді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button