BasNewsЖаңалықтар

Қарағандыда алаяқ мүгедектің атынан екі несие рәсімдеген

Қарағандыда I топтағы мүгедектің атына екі несие рәсімдеген алаяқ ұсталды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

36 жастағы жәбірленуші полицияға өзі алмаған екі несиені төлеуге мәжбүр болып жатқанын айтып арызданған.

Полицейлер көмек көрсетемін деген сылтаумен жәбірленушіден ұялы телефонын сұрап, кейін оның жеке деректерін пайдаланып, интернет-қосымша арқылы жалпы сомасы 340 000 теңге болатын екі тауарлық несие алған алаяқты ұстады. Ол жасаған қылмысын толықтай мойындады.

Ұсталған азаматқа қатысты Қылмыстық кодекстің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button