BasNewsЖаңалықтар

Мейіржан Төребаев қаржы пирамидасын құрды деген күдікке ілінді

Отандық танымал блогерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов қаржы пирамидасын құрды деген күдікке ілінді. Алматының тергеу соты оларға кепіл түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялаған, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

«Тергеу сотының қаулысына сай сотқа дейінгі тергеу органының Т. және Ш. азаматтарына қатысты 1000 АЕК көлемінде кепіл беру түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтінішхаты қанағаттандырылды», – деп мәлімдеді Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, вайнер Азизжан Саидбаевқа қатысты да сырттай қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау жөнінде шағым келіп түскен.

«Бұл өтінішхат қанағаттандырылды. С. есімді азаматқа қатысты күдіктінің өзі болмаған жағдайда 2 ай мерзімге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды», – деді сот өкілдері.

Аталған азаматтар ҚР ҚК 217-бабы 3-тармағы 2-бөлімі (Қаржы (инвестициялық) пирамидасын құру және басқару) бойынша күдіктеліп отыр.

Back to top button