BasNewsЖаңалықтар

6 мыңнан астам елордалық үй карантинін бұзған

Нұр-Сұлтанда статусы «қызыл» бола тұра оқшаулау тәртібін бұзған 6 мың тұрғын анықталды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитария дәрігері Сархат Бейсенова мәлімдеді, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Бейсенова жыл басынан бері елордада оқшаулау тәртібін бұзушылардың саны артқанын айтты.

«Биылғы жылдың басынан 10 ақпанға дейін «Ashyq» жобасы нысандарында оқшаулау тәртібін бұзған 6 476 келушіні анықтады, оның ішінде 6 398 келушінің «қызыл» және 78 келушінің «сары» статусы бар», – деді Бейсенова брифингте.

Бас санитария дәрігердің айтуынша, қала тұрғындарының барлығы да өзіне, өз денсаулығына және өзгенің амандығына жауапкершілік алуға дайын емес екенін көрсетеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button