Жаңалықтар

Шетелден 530 миллион доллар елге қайтарылды

Бұл туралы ҚР Әділет вице-министрі Азамат Әмірғалиев ведомствоның кеңейтілген алқа мәжілісінде айтты, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

«460 млн доллардан астам сомаға мемлекет мүддесі қорғалып, екі дау бойынша 530 млн доллар елге қайтарылды», – деді вице-министр.

Айтуынша, Әділет министрлігі тарапынан авторлық құқықпен қорғалатын туындыларға 8 мыңнан астам куәлік, ал өнеркәсіптік меншік объектілеріне 12 мыңнан астам қорғау құжаты берілген.

«2021 жылға арналған республикалық бюджеттен министрлікке 53 миллиард теңгеден астам қаржы бөлініп, ол толығымен игерілді», – деді Азамат Әмірғалиев.

Басқа жаңалықтар

Back to top button