BasNewsЖаңалықтар

Алматыда үш автобус соқтығысты

Алматыда бірден үш автобус соқтығысты, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Алматы полиция департаментінің дерегінше, YUTONG BUS маркалы автобус жүргізушісі Райымбек даңғылымен шығыс бағытта келе жатып қашықтықты сақтамау салдарынан алдынан келе жатқан SAZ автобусымен соқтығысқан. Соққы тиген SAZ автобусы сол бағытта келе жатқан үшінші YUTONG автобусымен соқтығысқан.

«Жол апатынан ешкім зардап шеккен жоқ. Аталған факт бойынша Әуезов аудандық полиция бөлімі тергеу жүргізіп жатыр», – деді Алматы қалалық ІІД Тергеу басқармасының бастығы полиция подполковнигі Олжас Шәріпов.

https://www.instagram.com/p/CZ0-qnoLGbX/

Басқа жаңалықтар

Back to top button