Өскеменде бес жасар қыз балабақшадан қашып кеткен
Өскемендегі балабақшада бес жасар қыз жоғалып кетті, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Қалалық полицияның баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 12 ақпан күні кешкі уақытта қала шетінде болған.
«Кішкентай қызға көшеде қандай қауіп төнуі мүмкін екенін түсініп, іздестіру шараларын бастап кеттік. Қызметкерлеріміздің келісілген әрекетінің арқасында қыз 10 минуттың ішінде табылды.
Учаскелік кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспектор, полиция аға лейтенанты Расул Абаев, патрульдік полиция батальонының инспекторы, полиция аға лейтенанты Азамат Дөненбаев, полиция аға лейтенанты Мирас Айтмұкашов қызметкерлеріміздің кәсіби біліктілігін атап өткім келеді», – деді Өскемен қалалық ІІБ бастығы Андрей Мула.

Белгілі болғандай, сәби серуендеу кезінде топты сыртқа шығарған кезде көзден ғайып болған. Мұғалім бүлдіршіннің ауладан кетіп қалғанын байқамай қалған. Нәресте дүкенге баруды шешкен болып шықты. Полицейлер баланы дәл сол жерде – жақын маңдағы дүкеннен тапқан.



