BasNewsЖаңалықтар

Алматы ауруханасында әкесін күткен 2 жасар сәби балалар үйіне ауыстырылды

Қорғаншылық және қамқоршылық орган өкілдері Алматы ауруханасында тасталған екі жасар бала туралы айтты, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Шенеуніктер мәліметінше, сәби төрт ай бойы тұрған №2 қалалық клиникалық балалар ауруханасынанбалалар үйіне ауыстырылған.

«Сәби балалар үйіне тапсырылған. Дені сау. Әкесі болуы мүмкін деген азамат сотқа арызданды. Сот шешімін күтіп отырмыз», – деп мәлімдеді Алматы қаласы Білім басқармасының қорғаншылық және қамқоршылық бөлімінің басшысы Жанна Таирова.

Бұған дейін қыркүйектен бастап Алматы ауруханаларының бірінде екі жасар бала жатқаны хабарланды. Баланың ата-анасы оны ауруханадан алып кетпеген.

Басқа жаңалықтар

Back to top button