Оралда такси жүргізушісі студент қызды зорлаған
«Орал қалалық сотына Қылмыстық кодекстің 120-бабы 2-бөлігі «Алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған зорлау» бойынша П. және Қ. есімді азаматтарға қатысты қылмыстық іс түсті», – деді облыстық соттың баспасөз қызметі өкілдері.
Сот отырысы басталған, бірақ жабық режимде өтіп жатыр. Қылмыстық кодекске сәйкес, айыпталушылар тоғыз жылдан он екі жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Еске салайық, былтыр тамыздың басында полицияға 26 жастағы қыз арыз түсірген. Жәбірленуші «Индрайвер» қосымшасы арқылы такси шақырғанын айтты. Шақыртуға екі ер адам келген. Ол таксиге отырғанда жүргізуші бағытын өзгертіп, басқа жаққа бұрылып кеткен.
Тәртіп сақшылары 26 және 28 жастағы екі күдіктіні анықтап, ұстады.
Айта кетейік, кейбір БАҚ-та күдіктілер бостандықта жүргені және оларға куәгер мәртебесі берілгені туралы ақпарат жарияланған болатын.



