BasNewsЖаңалықтар

Ұл бала асқазанындағы инемен екі күн жүрген

Қарағанды облысының дәрігерлері 10 жастағы баланың асқазанынан ине алып шықты, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Екі күн өткен соң іші ауырып жүргенін, ине жұтып қойғанын ата-анасына айтқан. Олар естіген бойда дереу жергілікті ауруханаға апарды. Өз кезегінде хирургтар тексерген соң уақыт оздырмай, жедел-жәрдем арқылы Жезқазған қаласындағы ауруханаға жеткізді.

«10 жасар бала іші ауырып жүргенін айтты. Рентгенография арқылы түсіргенімізде асқазан-ішек жолында бөтен заттың бар екені анықталды. Эзофагофиброгастродуоденоскопия (ЭФГДС) арқылы көргенімізде заттың асқазанның антральды бөлімінде екені белгілі болды. Дәрігерлер эндоскопиямен инені шығарып алды. Қазір баланың өміріне ешнәрсе қауіп төндірмейді», – делінген Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы таратқан хабарламада.

Басқа жаңалықтар

Back to top button