BasNewsЖаңалықтар
Матрица: Екі облыс «жасыл» аймаққа өтті
Қазақстанның тағы бірнеше өңірі коронавирустың таралуы бойынша «сары» аймақтан «жасыл» аймаққа өтті, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
17 ақпандағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстары «жасыл» аймаққа өтті.
Осылайша, «қызыл» аймақта: Алматы, Ақмола, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары қалды.
«Сары» аймақта: Нұр-Сұлтан, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстары.
«Жасыл» аймақта: Шымкент, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан облыстары.



