Балқашта жаңа автобус бағыттары іске қосылады

Балқашта 1 наурыздан бастап екі жаңа автобус бағыты пайда болады. Тұрғындардың өтініші бойынша жұмысшы кентінен №16 маршрут бойынша рейстер саны ұлғайтылатын болады. Сонымен қатар, автопаркті жаңарту жоспарлануда, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Бұл туралы Балқаш қаласының әкімі Ораз Таурбеков өзінің Facebook парақшасында хабарлады.
Жолаушылар тасымалын ұйымдастыру аппараттық кеңесте талқыланды. Қалада төрт компания 14 маршрутқа қызмет көрсетеді, оның 12-сі әлеуметтік маңызы бар бағыттар. Тасымалдаушылармен шарттар 2024 жылға дейін жасалды.

«2021 жылы қалаішілік маршруттарда жол ақысын төлеудің электрондық жүйесі енгізілді, бейнебақылау камералары орнатылды.

Қазіргі уақытта қала тұрғындарының ұсыныстары мен ескертулерін ескере отырып, тасымалдаушылардың келісімі бойынша №16 маршрут бойынша автобус қозғалысының қарқындылығының өзгеруі, сондай-ақ 1-ші наурыздан бастап 90-орамнан Самал ықшамауданына дейін БМЗ-ға дейін екі жаңа бағыттың ашылуы пысықталуда», – деп хабарлады қала басшысы.
Оның айтуынша, тасымалдаушылар биыл автопаркті жаңартуды бастауға уәде беріп отыр. Бұл өзекті мәселе, себебі бүгінде орташа пайдалану мерзімі 8 жылға жеткен автобустар пайдаланылады. Саран автобус зауытының техникасын сатып алу жоспарлануда.



