BasNewsЖаңалықтар
ҰҚК Ресейден қару тасымалдаған қылмыстық топты қолға түсірді
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ақмола облысында Ресейден атыс қаруы мен оқ-дәрілерді жеткізумен айналысқан этникалық қылмыстық топ мүшелерін қолға түсірді, деп хабарлайды Basnews.kz ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.





Ұлттық қауіпсіздік органдары қару контрабандасын ұйымдастырушылардан барлығы 11 «Макаров» пистолетін және оларға 1300-ден аса патрон тәркіледі.
ҰҚК мәліметінше, қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Ұсталғандар 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.



