BasNewsЖаңалықтар

Ақтөбеде ауыр жүк көлігі тепловозбен соқтығысты

Ақтөбеде жүк көлігінің жүргізушісі ереже сақтамай, тепловозбен соқтығысып қалды, – деп хабарлайды Basnews.kz.

«Оқиға бүгін облыстық маңызы бар Қарабұтақ-Қостанай тасжолының «Қызылсай» теміржол өткелінде болды. Онда көлік пен тепловоз соқтығысты. «МАN TGA» жүк көлігінің 57 жастағы жүргізушісі жол ережесін сақтамай, теміржол өткеліне жеткен кезде тоқтамады. Сол кезде тепловозбен соқтығысты. Адамдар дін аман, ешкім жараланған жоқ»,- деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Фура попала под поезд в Актюбинской области

Басқа жаңалықтар

Back to top button