BasNewsЖаңалықтар

Жаңаөзенде иттің көмегімен қару-жарақ қоймасы анықталды

Жаңаөзеннің Мамыр ықшам ауданында тұрғын заңсыз қару-жарақ сақтаған, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Ұлттық ұланның «Батыс» аймақтық бөлімшесінің баспасөз хатшысы Ерболат Сұлтановтың мәліметінше, оқиға кеше кешкілік болған.

Полиция қызметкерлерімен бірге №5548 әскери бөлімнің кинологы, кіші сержант Асан Әбдікәрим «Кэсси» атты иісшіл итпен жедел іздестіру шарасына қатысады. Нәтижесінде ит 34 жастағы жергілікті тұрғынның гаражынан заңсыз сақталған қару-жарақты тапты.

Тексеру кезінде бір аңшы мылтығы мен бір спорттық мылтық табылды.

Жалпы иісшіл иттердің көмегі көп. Былтыр «Детектив» атты қызметтік иттің көмегімен есірткі қылмысы ашылыпты.

Басқа жаңалықтар

Back to top button