BasNewsЖаңалықтар

Атасы мен немересі эскалатордан құлап, мерт болды

Өзбекстанның Науаи қаласындағы сауда үйлерінің бірінде атасы мен немересі эскалатордан құлап кетті. Бесінші және төртінші қабаттың арасында атасы тепе-теңдікті жоғалтып алған. Салдарынан ер адам оқиға орнында жан тапсырды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі Repost.uz басылымына сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде бейне бақылау камерасына жазылған видео тарады. Оқиғадан кейін Ішкі істер басқармасында пікір білдірді.

Қайғылы оқиға 18 ақпанда кешкі 20:30 шамасында болған. 53 жастағы Қармана ауданының тұрғыны Науаидегі «Жаңа өмір» сауда үйіне 3 жастағы немересімен бірге барған.

Анықталғандай, ер адам бесінші мен төртінші қабаттың арасында тепе-теңдік сақтай алмай құлап кеткен. Ер адам оқиға орнында жан тәсілім етті, ал немересі көпсалалы балалар ауруханасына жеткізілген.

Аталған дерек бойынша Науаи ішкі істер басқармасы тергеу жұмыстарын бастады.

https://youtu.be/JxlJLC2e4eI

Басқа жаңалықтар

Back to top button