BasNewsЖаңалықтар
Алматыда аялдамада тұрған әйелдің аяғын көлік жұлып кетті
Алматыда аялдамада тұрған әйелдің аяғын көлік жұлып кетті, – деп хабарлайды Basnews.kz ақпарат порталы СТВ телеарнасына сілтеме жасап.
Жол апаты Мақатаев пен Наурызбай батыр көшелерінің қиылысында болған.

Куәгерлердің айтуынша, Ford көлігі жоғары жылдамдықпен батыс бағытта келе жатқан.

«Наурызбай батыр көшесіне жеткенде белгісіз себептермен жүргізуші Toyota Camry көлігін соғып кетеді. Нәтижесінде жолдың шетіне аударылып, аялдамада тұрған 61 жастағы әйелді қағып кетіп, ары қарай арықтан өтіп, ағашқа қарай барып соғылады», – дейді бағдарлама тілшілері.



